• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Тарих 22 Желтоқсан, 2018

Шекара бөлімшелеріне Ер Қосай мен Исатай батыр есімдері берілді

1117 рет
көрсетілді

Атырау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Кудряшов шекара бөлімшесінің аты ғасырларда ел қорғаған батырдың құрметіне Ер Қосай Құдайкеұлы деп өзгертілді. Ал Исатай ауданына қарасты Забурын елді мекенінен №2016 әскери бөлімшесіне қарайтын застава ашылып, оған Исатай батырдың есімі берілді.

 

Каспий теңізінің аумағындағы мемлекеттік шекарамызды қырағы күзетіп отырған ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты бөлімшелерге ұлттық тұлғалардың есімі берілуі салтанатты жағдайда аталып өтті. Оларға Құрманғазы және Исатай аудандарының басшылықтары да қатысты.

 - Құрманғазы ауданында орталығы Ганюшкиннен бастап, Киров, Дәріш ауылдарының да атаулары өзгертілді. Идеологиялық жағынан ескірген атаулар өзгертіліп, олардың орнына тарихи мәні бар жер-су аттары мен лайықты деп табылған тұлғалардың есімдері қойылып жатыр, — дейді Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімі бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.